Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Ұстаз дәреті ұстамайтын үзірлі адам, әр намазға киім алмастыруs керек пе? Және үзірдің аяқталғанын қалай білеміз. Ереке.
|
Үзір иесі әр намазға ластанған киімін ауыстырып тұруы керек пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Үзір иесі, егер киімін ауыстырған жағдайда бәрібір былғанатындай күйде болса, киімін әр намазда ауыстырып тұруы немесе әр намазда киімінің ластанған жерін жуып тұруы шарт емес. Бұл үзір иелеріне көрсетілген жеңілдік. Мысалы, зәрі тоқтамайтын үзір иесі киімін ауыстырғанымен, бәрібір зәр тиіп былғанатын болса, әр намазға киімін ауыстыруы шарт емес, сол киімі жарайды, жеке тазалығы үшін жиі ауыстырып тұрғаны өзіне жақсы, бірақ әр намаз сайын былғанған киімін ауыстырып отыруға міндеттелмеген1.
Және де бір намаз уақыт бойы үзірі байқалмаса, оның үзірі тоқтаған болып есептеледі.
1 Абдулғани әл-Мәйдани әл-Ханафи: «әл-Лүбәб». Бәбуль Хайз.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?