Сапарда көлікте оқылған намазды кейіннен қайта қазасын оқу керек пе?
Сапарда көлікте оқылған намазды кейіннен қайта қазасын оқу керек пе?
3 ай бұрын 1782

Ассалаумағалейкум! Намазды машинада келе жатып, ишарамен оқыдым. Сол үйге келгенде қайта оқыла ма?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жолаушы кісі сапарда кетіп бара жатып, көліктен түсіп оқуға мүмкіндігі болмаса, көлікте отырған күйі ишарамен оқи береді. Мысалы, автобуста, поезда, ұшақта т.б. Және де кейіннен ол намазының қазасын өтемейді. Ханафи фиқһ кітаптарында мынадай мәтін кездестіруге болады: «Осы жағдайларда (үзір жағдайларда) хайуанның үстінде отырып құбылаға ишарамен қарап оқуына болады және кейін мүмкіндігі туғанда ол намазды қайта оқуының керегі жоқ»1.

Бұл айтқандарымыз - жолаушы үкіміндегі мұсылманның намазына қатысты. Ал жолаушы үкімінде емес мұсылман қаланың ішінде қоғамдық көлікте отырып оқыса, ол намазын қайта оқуы тиіс пе? Қаланың(сыртында емес) ішінде намазын қоғамдық көлікте (маршрутка) отырып оқыған мұсылман, үйіне жеткенде ол намазын қайта оқып алғаны жөн. Ал жолаушыға немесе қаланың сыртында кетіп бара жатқан мұсылман, түсіп оқуға мүмкіндігі болмаса, көлікте оқи алады және ол намазын қайта оқымайды2.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1  әс-Сәминақи: «Хизанәтуль мүфтиин».
Қаланың ішінде қоғамдык көліктерде намаз оқудың үкімі жайында, толық мына сілтемеден оқи аласыздар: https://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/qalanyn-ishinde-qogamdyq-kolikte-ketip-bara-jatyp-namazyn-oqyp-alsa-bola-ma-2232/#gsc.tab=0  

 

Абдусамат Қасым