Қаза намазы қай уақыттарда оқылмайды?
Қаза намазы қай уақыттарда оқылмайды?
10 жыл бұрын 120101

Асыр намазынан кейін қаза намазын өтеу де мәкрүһ пе?

Асыр намазынан кейін тек нәпіл намазын оқу – мәкрүһ, қаза намазы емес. Қаза намаздары тек мына үш уақытта өтелмейді[1]:

  1. Күн шыға бастағаннан қарауға шыдас бермейтіндей дәрежеге көтерілгенге дейінгі аралық. Басқаша айтқанда, күн шыққаннан бастап, найза бойы көтерілгенге шейін. (Шамамен 30-40 минут). 
    Осы орайда айта кетейік, Имам Мұхаммед: «Күн найза бойына көтерілмейінше ол - күн шығып келе жатқан үкімінде болады», - деген[2]. 
  2. Тапа тал түсте. Шаңқай түс. (Күн тас төбеге көтерілген кез, көлеңкенің әбден қысқарған кезі). (Шамамен бесін намазының уақыты кіруіне 10-15 минут қалған уақыт аралығы)[3].
  3. Күн қызарып бата бастағаннан түбегейлі ұясына кірген уақыт аралық[4]. Басқаша айтқанда, күнге қарауға шыдас беретіндей сәттен бастап, түбегейлі батқанға шейін[5].

Бұдан өзге уақыттарда қаза намаздарын өтеуге рұқсат[6]

 

 


[1] Бұл уақыттарда ешбір намаз оқылмайды.
[2] Имам Мұхаммед, әл-Асл.
[3] fetva.diyanet.gov.tr
[4] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 1\233 бет.
[5] Күн батар уақытта, асыр намазын ертерек оқуға үлгере алмаған кісіге асыр оқуға болады. Толық мына сілтемеден оқыңыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/namaz-oqyp-jatqanda-uaqyty-shygyp-ketse-ne-isteimin-305/#gsc.tab=0 
[6]Аталмыш үш уақытта намаз оқуға болмайтындығы мына хадистен шыққан: «Сахих Муслимде» риуаят етілген бір хадисте былай делінеді:
«Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан және мәйіттерімізді қабірге көмуімізден тыйды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге шейінгі уақыт.  (Китабу Салатил Мусафирин уа қасриһа). 

Абдусамат Қасым