Қарға намаз оқуға бола ма?
Қарға намаз оқуға бола ма?
4 жыл бұрын 10768

Ассалямуалайкум!Суық кунде намаз уақыты шыққанша үйге барып улгермесем, қар үстінде аяқ киіммен, сәждеге баратын орынға кішкентай орамал қойып оқысам бола ма?     

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сәжденің дұрыс болу шарттарының бірі – сәжде жасағанда маңдайы жердің қаттылығын сезген болуы керек. Қаттылық сезбей, маңдайы мен мұрны батып кететіндей жұмсақ нәрсеге сәжде жасалмайды. Мәселен, мақта, жүн, тары, күріш сияқты нәрселерге сәжде жасап, бірақ жүзі батып, маңдайы қаттылықты сезбесе, яғни, маңдайы қатты жерге тіреліп бекімесе, онысы сәжде жасаған болып саналмайды.

Сол себепті, сәжде жасағанда маңдайы қатты жерге тірелмей, жүзі батып кететін қарға намаз оқылмайды. Ал, қаттылықты сезіп, маңдайы орнығатындай тығыз қарға намаз оқуға болады.    

Бұған қатысты Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінген:

«Шөпке, сабанға немесе мақтаға, яки, кілемге, не болмаса, қарға сәжде жасаған кезде, маңдайы мен мұрны бекіп, оның қаттылығын сезсе, сәжде дұрыс. Ал егер бекімесе (батып кетсе) оған сәжде жасауға болмайды...»[1].

Тағы бір кітапта былай делінеді:

«Қарға сәжде жасап, (маңдайы) қарды тығыздамай жүзі батып кетіп, қаттылығын сезбесе, сәжде дұрыс емес...»[2].

Осы орайда, аяқ киіммен намаз оқуға болады, әрі қарда нәжіс болмаса, өзіңіз айтпақшы сәжде қоятын жерге ғана беторамал қойып, тығыздалған қардың үстінде намаз оқудың ағаттығы жоқ. Бұл жайнамаз жоқ кісіге қатысты. Жайнамаз бар адамдар жайнамаз төсегендері жөн. Әдетте жайнамазы жоқ кісілер қардың үстіне сырт киімдерін төсеп оқып жатады. Олай да қате емес.  


[1] Фәтәуәль Һиндия – 1/78 бет.
[2] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3/ 336 бет.

Абдусамат Қасым