Үлкендерге арналған сұрақ (18+)
Үлкендерге арналған сұрақ (18+)
3 жыл бұрын 10576

Ассаламуалейкум! Мүшеқап қолданып жыныстық қатынасқа түсудің үкімі қандай? Ербол.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ерлі-зайыптылар төсек қатынасына түскенде мүшеқап қолдана алады. Оның Ислами тұрғыда ағаттығы жоқ. Ол да «Ъазл» тәсілінің бір түрі. Ъазл жасауды Алла елшісі (ғалейһиссәләм) тыймаған.  Ъазл деген – қатынас кезінде мәниді жатырға жібермей сыртқа ағызу тәсілі.

Сахаба Жәбір ибн Абдулла (р.а.) бұл жайында былай дейді:

«Біз Пайғамбарымыздың (ғалейһиссәләм) кезінде ъазл жасайтын едік. Ол жайында (яғни, олай істейтініміз жайында) Алла елшісі (ғалеһиссәләм) хабардар болғанда (яғни, естігенде), ол одан тыймады»[1] - дейді сахаба.

Сондай-ақ, ескілікті Ханафи ғалымдары «ъазл» тәсілін қолдану үшін әйелінің рұқсаты керек деген. Бірақ әйелінің рұқсатынсыз «ъазл» жасап, ұрықты жатырға жібермеуге болатын кездер де бары айтылған.  Мысалы, ұзақ сапарда жүргенде, соғыс кезде т.б.

Қысқаша айтқанда, жақындасу барысында мүшеқап қолданудың үкімі дінде "мубах (рұқсат)" саналады. Ерікті амал. Бірақ, зайыбы бала көтергісі келіп, күйеуінің мүшеқап қолдануына қарсы болса, оның ол қалауына себепсіз құлақ аспай қоюға болмайды.  


[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім». 

Абдусамат Қасым