Қажылыққа бармаған бақуатты мұсылман, әуелі басқа біреуді жібере ала ма, әлде бірінші өзі баруы керек пе?
Қажылыққа бармаған бақуатты мұсылман, әуелі басқа біреуді жібере ала ма, әлде бірінші өзі баруы керек пе?
1 ай бұрын 1210

 

Ассәләму аләйкум! Сұрақ: қажылыққа бармаған мұсылман, басқа бір мұсылманды қажылыққа жібере ала ма?

Бисмилләһ, уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ. Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи ғұламаларының ішінен Имам Мұхаммед радияллаһу анһудың байламына қарағанда, шамасы келген мұсылманның қажылық парызын өтеуді бірден жасауы шарт емес, кейінге шегеруіне болады. Ал Имам Юсуф радияллаһу анһудың пікірінше шамасы келген мұсылман қажылық парызын кейінгі жылға қалдырмай, бірден сол жылы өтеуі тиіс. Өйткені, кейінгі жылға дейін тірі бола ма, әлде қайтыс болып кете ме, ол жөні белгісіз дейді ғалым1.

Ендеше, Имам Мұхаммедтің пәтуасы негізінде айтқанда, қажылыққа әзір бармаған мұсылманның әуелі басқа біреуді жіберуі күнә емес, ал Имам Юсуфтың тоқтамы негізінде қарасақ, шамасы келе тұра қажылыққа алдымен өзі бармай, басқаны жіберуі күнә.

Осы тұрғыда, жасы келіп қалғаны үшін немесе сырқаттық себепті келесі жылы қайтыс болып кетуім мүмкін деген ойы басым бай мұсылманның қажылық парызын алдымен өзі өтеуі тиіс2.


1  «Жәһәрәтун нироһ», «әл-Фәтәуәл Һиндия».
2  «әл-Фәтәуә әл-Һиндия».

Абдусамат Қасым