Салематсыз ба! Түсімде қайтқан қайын атамды ваннаға жуындырып жатырмын екен. Арқасына жаралар швққан, сосын келтіремін деп, тірі кезі сияқты болып кетті.
|
Түсімде қайтыс болған қайын атамды шомылдырып жатыр екенмін, ол нені білдіреді?
|
Сәлеметсіз бе!
Мұсылманша түс жору кітаптарында мәйітті шомылдыруға қатысты әртүрлі болжамдар айтылады. Ибн Сиринның «түс жору» кітабында оған қатысты былай жорамал жасалған:
Түсінде мәйітті шомылдырғанын көрсе, оның (түс көруші) себепкерлігімен теріс жолда жүрген кісі тәубеге келіп, дұрыс жолға бет бұрады делінген.
Ал мархұм болған кісінің өзін өзі жуындырып жатқанын көрсе, көрген кісі қайғы-мұңнан арылып, дүниесі артады.
Кім түсінде қайтыс болған кісінің киімін жуған болса, бұл оның мархұмның артынан жасаған дұға-тілектері мен берген қайыр-садақалары мархұмға жететіндігін білдірмек1. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1 Ибн Сирин: «Тәфсируль Әхләм». 90 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?