Өлі туған балаға жаназа оқыла ма?
|
Ханафи мәзхабы бойынша, іштен шыққан шақалақ тірі туылып, артынша шетінесе, оған ат қойылады да, жуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылады. Ал бала өлі туса, оны жумай[1], ақ матаға орап, көму керек. Бұған жаназа намазы оқылмайды[2]. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шақалақ туғанда дауыс шығарып, (артынша шетінеп кетсе), ол жуылып, жаназа намазы оқылады, мұрагер ретінде есептеледі. Ал егер дауыс шығармаса (яғни, өлі туса), жуылмайды оған намаз оқылмайды, мұрагер саналмайды.[3]», – деген.
[1] Әл Кәсәни – 2/312
[2] а) Марғинани, Хидая – 1/148 бет. Бабуль жанаиз.;ә) Маусули, Ихтияр – 1/316 бет
[3] Тирмизи -3503.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?