Намазды футболкамен оқуға бола ма?
Намазды футболкамен оқуға бола ма?
4 жыл бұрын 11369

Ассаләлумғалейкум! Менің қойғым келетін сұрағым: 1) Намаз оқығанда жеңі қысқа футболка немесе жейдемен оқысам мәкрук амалға жатпай ма? 2) Шұлықсыз намаз оқу үкімі жайында түсіндіріп берсеңіз.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал қоюшы, көпшілік Ислам ғұламалары жеңді түріп оқудың «тәнзиһән мәкруһ» болатындығын айтқан. Кей Ханафи ғалымдары шынтаққа дейін түрудің өзін мәкруһ санаса, кей ғалымдар шынтақтан жоғары қайырып оқуды мәкруһ деген.

Мәлики мәзхабы ғалымдарынша жеңін намаз үшін түрсе ғана мәкруһ болмақ. Ал «киімінің өзі сондай болса немесе бір шаруамен қолын түріп, сосын намаз уақыты келіп қалып, сол күйінше оқыса, ол мәкруһ болмайды» дейді Мәлики ғалымдары[1].

Осындағы «киімнің өзі сондай болса...» деген сөзден футболка сияқты немесе жеңі қысқа жейде сияқты өздігінен қысқа киімдерді киіп намаз оқудың мәкруһ еместігін ұғуға болады. Демек, футболкамен немесе жеңі қысқа көйлекпен намаз оқу мәкруһ емес.


[1] Мұхаммед Әмин: «Мүзәккиротуль Фиқһиль Мәлики». 90 бет.

Абдусамат Қасым