Әссәләмуъаләйкум! Намазда бірінші ракағатта Фатихадан соң Мүлік сүресін оқыса бола ма? Реттілікті сақтап, отыз аятты бірден оқу керек па? Әлде бөліп оқуға бола ма? Мысалы: үш аят немесе бес аяттан бөліп бөліп сүннет, парыз намаздарында оқысақ бол ма? Жанар.
|
Намазда ұзақ сүрені бірнеше бөлікке бөліп оқыса бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намазда бір ұзақ сүрені бірнеше рәкәғатқа бөліп оқуға болады және арасынан өзіне жеңіл келген аяттарды таңдап оқыса да қате емес. Бастысы аят ретін сақтағаны абзал, яғни, бірінші рәкәғатта оқылған аяттан кейінгі реттегі аяттардың бірін екінші рәкәғатта оқығаны жөн. Мысалы, бірінші рәкәғатта «Бақара» сүресінің 255 аятын оқыса («аятуль курсиді»), екінші рәкәғатта аталмыш сүренің 286 аятын оқығаны сияқты. Сондай-ақ, «Мүлік» сүресінің басынан екі аят оқып, орта тұсынан немесе аяқ тұсынан екі аят оқи алады. Оның әбестігі жоқ.
Ең дұрысы- Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?