Сәлеметсіз бе! Мен ата-анама Құран-қатым түсірейын деп жатырмын, соған алдын ала Құран оқыту керек па 40 күн? Алия.
|
Хатым Құран түсірер алдын 40 күн Құран оқыту керек деген талап бар ма?
|
Әлхәмдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Құрметті сауал жолдаушы, Құран хатым түсірместен бұрын 40 күн Құран оқыту керек деген дінімізде талап жоқ. Құран хатымты оқи алсаңыз өзіңіз оқып хатым түсіре аласыз немесе Құран оқи алатын мұсылманға тапсыра аласыз. Одан бұрын қырық күн бойы құран оқытып тұру керек деген шарт жоқ. Өз еркіңіз. Өзіңіз білетін сүреңізді күнде оқып бағыштап отырсаңыз сауабы, Алланың қалауымен мархұмға тиеді.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?