Намазда түкіру намазды бұза ма?
Намазда түкіру намазды бұза ма?
18 күн бұрын 1476

Ассаляму алейкум! Намазда түкірсе, ол намазды бұза ма? Кей хадистерде шайтан азғырмас үшін түкіру керектігі айтылады.

Бисмилләһир рахманир рахим

Намазда түкіру намазды бұзбайды, бірақ (жеңіл) мәкруһ болады. Дегенмен, түкіруге мәжбүр болып тұрса, далада оқып тұрған кісі сол жағына немесе аяғының астына түкіруіне болады1. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сендердің біреулерің намазда тұрғанда Раббысына мінәжат етсін! Алдына қарай түкірмесін және оң жағына түкірмесін. Өйткені, оң жағында періште бар. Бірақ сол жағына немесе аяғының астына түкірсе болады»2. Алайда, мешіттің ішінде түкіруге болмайды. Мешіттің ішінде намаз оқып тұрған кісі түкіруге мәжбүр болса, қағазға (салфетка) немесе беторамалға түкіріп, қалтасына салады да, кейін қоқысқа тастайды, өйткені мешіттің ішіне түкіру – харамға жақын мәкруһ. Осы тұрғыда Алла елшісі ("с.а.у.) намазында шатаса берген сахабаға "әғузуді айтып, сол иығына үшкіруін" айтады. Бұл хадистің арабша нұсқасында "тәфл" сөзі қолданған, ол біз білетін қатты түкіруді білдірмейді, аз ғана түкірік аралас үшкіруді білдіреді. 


1Имам Шүрунбүләли: «Мәрохиль Фәләх Шәрху Нуриль Изах».
2«Сахих Бұхари».

Абдусамат Қасым