Намазда рүкуға барғанда зам сүрені оқуды ұмытып кетсек, не істеуге болады?
Намазда рүкуға барғанда зам сүрені оқуды ұмытып кетсек, не істеуге болады?
6 сағат бұрын 119

Ханафи мәзһабында парыз намаздарының алғашқы екі рәкәғатында «Фәтиха» сүресінен кейін қосымша сүре немесе кемінде үш қысқа аят оқу – уәжіп. Мұны ұмытқан адам намаз соңында «сәһу сәждесін» жасауы тиіс.

Егер қосымша сүрені оқымағанын рүкүғта есіне түсірсе, рүкүғтан қайта қиямға тұрып, сүрені оқиды да, қайтадан рүкүғ жасайды. Соңында сәһу сәждесін орындайды.

Ал егер сүре оқымағанын сәждеге барған кезде есіне түсірсе, қайта артқа қайтпайды, намазын жалғастыра береді. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды.