Намазда оң жаққа сәлем берген кезде дәрет бұзылса, намазды қайта оқу керек пе?
Намазда оң жаққа сәлем берген кезде дәрет бұзылса, намазды қайта оқу керек  пе?
7 жыл бұрын 12038

Әссаламу алейкум! Намазда оң жаққа сәлем бергеннен кейін дәрет бұзылса, намаз аяқталған болып есептеледі ме? Әлде қайтадан оқу керек пе? Қазбек

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бірінші сәлемнен кейін дәрет бұзылса, намаз дұрыс. Намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Өйткені, оң иыққа берілетін бірінші сәлем - намаздың аяқталғандығын білдіреді. Мысалы, намазда дауыстап күлген кісінің дәреті бұзылады делінген. - Алайда, ол бірінші сәлемнен кейін күлген болса, дәреті бұзылмайды. Себебі, бірінші сәлем беру арқылы намаздан шыққан болып тұр. Мұнда да солай. Оның үстіне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынадай бір сөзі бар:

«Егер, бір кісі дәретін намаздың ақырғы отырысына отырғаннан соң сәлем бермей жатып бұзса, оның намазы дұрыс»[1]. 


[1] Тирмизи - №408. 

Абдусамат Қасым