Намазда дауыс шығарып есінесе, намаз бұзыла ма?
Намазда дауыс шығарып есінесе, намаз бұзыла ма?
6 ай бұрын 1969

Ассалаумағалейкум! Сұрағым, намазда есінегенде өзінің табиғи дауысы шықса, намаз бұзыла ма? Есінеудің дауысы. Ернар.

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Есінеген кезде есінеудің табиғи дыбысы еріксіз әрі бәсен шықса, оған намаз бұзылмайды, ал «һәәһ» деп дауыс шығарса, намаз бұзылады1.

Намазда есінеу келсе не істеу керек?

Алдымен есінеуді болдырмауға тырысып баққаны жөн. Егер, есінеуді басуға мүмкін болмаса, қолымен аузын жабады. Риуаяттарға қарағанда, Алла елшісі (с.а.у.) намазда ерікті түрде есінеуді тыйған, егер есінеуі келсе, мүмкіндігінше басатын, болмаса қолымен аузын жабатын2. Қиямда тұрғанда оң қолымен, ал одан өзге жағдайда сол қолымен аузын жабады.


1Абдуррахман әл-Жәзири: «әл-Фиқһу ъаляль мәзәһибиль әрбаъати».
2Имам Мәусули: «Ихтияр».