Бамдат намазды бес минут ерте бастап қойсам, қайта оқу керек пе?
Бамдат намазды бес минут ерте бастап қойсам, қайта оқу керек пе?
6 ай бұрын 2179

Бомдод намазымды бес минут ерте бастап қойсам уақтысынан тыс оқыған боламын ба? Әділбек.

Әлхамадулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Бамдат (таң) намазының сүннетін уақыты кірмей бастаған болсаңыз, артынан аяқтамай жатып уақыты кірген болса да сүннетке есептелмейді. Өйткені, сүннет болып есептелу үшін уақыт кіргеннен кейін оқып бастаған болуы керек1. Ал уақыт кірмей оқылған сүннет намаз нәпіл намаз ретінде саналады. Сондықтан да, сіздің жағдайда екі рәкәғатты оқып қойғаннан кейін, қайта таң намазының сүннетін оқу керексіз. Артынан парызын оқисыз.

Алайда, сіз «саналады» екен деп, әрі қарай оқып намазды тәмәмдаған болсаңыз да таң намазыңыз есептеледі, себебі, сіз уақыт кірмей тұрып сүннет намазын оқып бастағаныңызбен, парызын уақыты кіргеннен кейін оқып отырсыз, сондықтан да, бұл жағдайда таңның сүннету нәпіл намаз орнына есептелгенімен, парызы уақтылы оқылғанға саналады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Ибн Нүжейм, «әл-Әшбәһ уән-Назаир». әнНият.

Абдусамат Қасым