Әссаламуғалейкум! Кейбір өңірлерде адам қайтыс болғанда жуындырудан алдын, туған-туыс, дос-жараңдары мәйітті соңғы рет көріп шығады. Осы шариғатымызда бар нәрсе ме? Мұхит.
Мәйітті жуындырмай тұрып соңғы рет көру әдеті бар. Оған не дейсіз?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәйіт жуылып, кебінделгеннен соң жақын туыстары мен дос-жарандарының кіріп, жүзін ашып оны соңғы рет көріп шығулары күнә емес. Риуаяттарға қарағанда, ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бақилыққа аттанғанда, Әзіреті Әбу Бәкір Оның мақтадан жасалған матамен жабулы денесіне жақындап келіп, жүзін ашады да еңкейіп екі көзінің ортасынан сүйеді[1].
Әйел кісі қайтыс болғанда, оны соңғы рет көруге, тек ер адамдардан махрам саналатын туыстары мен әйел кісілердің көрулеріне болады. Ал, махрам саналмайтын, яғни, жақын туыстығы жоқ ер адамдардың көрулері мәкруһ болып есептелінеді.
[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №1241 хадис. Айша анамыздан риуаят етілген.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?