Күн суықта қолғап киіп намаз оқуға бола ма?
Күн суықта қолғап киіп намаз оқуға бола ма?
7 жыл бұрын 7054

Сұрақ: Ассаламуалейкум! Қолға қолғап киіп намаз оқуға бола ма? Сәндібек.

Сұрақ: Қатты аязда далада оқығанда, қолғапты шешу керек пе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Сахих Бұхари» кітабының «Қатты ыстықта киімге сәжде ету» атты тарауында сахаба көрген табиғин Хасан әл-Басридің мынадай бір риуаяты келтіріледі. Онда былай делінген:

«Жұрттар (яғни, сахабалар) қолдарын жеңдеріне салып алған күйі сәлдеге және қаләнсуәға (бас киімнің бір түр) сәжде ететін»[1].

Осы риуаяттың басқа бір нұсқасында: «Пайғамбарымыздың сахабалары қолдары киімдеріне салулы күйі сәжде жасайтын еді. Және олардың кейбірі сәлдесіне сәжде жасайтын», - делінеді[2].

Аталмыш риуаттардан байқағанымыздай, күннің ыстықтығы себепті сахабалар сәждеге барғанда қолдары күймес үшін қолдарын жеңдеріне кіргізіп алатын болған екен. Бұл дегеніміз, күн аязды кездерде намазды далада оқыған кісілердің қолғаптарын шешпей оқи берулеріне болады деген сөз.

Әйтсе де, еш себепсіз (күн жылы кезде, не мешіт ішінде т.б.) қолғап киіп оқудың мәкруһ болатындығын да ескерген жөн.


[1] Сахих Бұхари - №378 хадис.
[2] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф. 

Абдусамат Қасым