Жұма намазын микрофонмен оқу бидғат па?
Жұма намазын микрофонмен оқу бидғат па?
8 жыл бұрын 4177

Әссәләмуғалейкум! Менің бір сұрағым бар: Жұма намазындағы микрофонмен оқылған намаз бидғат па? Айбек

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мешіттерде оқылған намазда микрофон қолдану - қажеттіліктен туындаған дүние. Әсіресе, жамағат көп жиналатын үлкен мешіттерде имамның қырағатын және айтқан тәкбірін соңғы саптағы жамағат ести алмауы мүмкін. Осының салдарынан жамағаттың кейбір бөлігі Имамнан қалып қойып, яки, ерте орындап жатады.

Бұрынғы замандарда, мұндай жағдайда жамағат арасынан әлдекімдер (немесе азаншы) имамның «тәкбірі» мен «тәсмиъин (самиаллаһу лимән хамидасын)» дауыстап қайталап, өзгелерге жалғастырып тұратын болған (Имам самиалланы айтқанда, жалғастырушы "раббәнә ләкәл хамд" дейді). Ол да, қажеттіліктен туындаған әрекет етін. Бүгінде оның орнын микрофон басып отыр. Микрофон дауысты ұзаққа естірту құралы ғана. Бидғатқа жатпайды. 

Абдусамат Қасым