Жолаушы кісі имамдыққа шықса, тұрғылықты жамағат қалай оқиды?
Жолаушы кісі имамдыққа шықса, тұрғылықты жамағат қалай оқиды?
11 ай бұрын 2042

Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым, жамағат болып намаз оқылғанда имамдыққа сапарда жүрген кісі шықса, мысалы екінті намазын алсақ, имам болған кісі 2 рәкағат оқып намазды бітірген соң, қалған жамағат намазды қалай бітіреді? Жамағат қалған 2 рәкағатта фатиха сүресін оқиды ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жолаушы кісі тұрғылықты халыққа имам болса, төрт рәкәғаттық парыз намазында алғашқы отырыста сәлем беріп, екі рәкәғат оқып аяқтайды. Ал оған ұйып тұрған тұрғылықты жамағат сәлем берместен "Аллаһу әкбар" деп тұрып, өз беттерінше қалған екі рәкәғатты оқып, төртке тәмәмдайды. Бірақ, олар бұл жағдайда «Фатиханы» оқымайды1, олар «Фатиха» сүресін оқитындай уақыт қиямда үнсіз тұрып, сосын әдеттегідей рүкуға және сәждеге барып намаздарын оқиды. Қалған намаз дұғаларын әдеттегідей оқиды, тек сүре оқымайды. Бұл айтқандарымыз бесін, асыр және құптан намаздарына қатысты. Ал ақшам мен таң намаздарында жолаушы кісі де ұюшылармен бірге парызды қысқартпай толық оқиды.

 


1Имам Марғинәни: «әл-Һидая». Жолаушы.