Мекке қаласына "ихрамсыз" барса, не істеуі керек?
Мекке қаласына "ихрамсыз" барса, не істеуі керек?
3 ай бұрын 1166

Ихрамсыз Мекке қаласына кірсе, не істеуі керек?

Бисмиллаһир рахманир рахим

Ханафи мәзхабы бойынша, қандай мақсатта болса да Меккеге ихрамсыз кіруге болмайды. Ол күнә тірлік. Меккеге баратын адам «миқат» аймағына аяқ басқаннан ихрамға кіруі тиіс. (Шәфиғи мәзхабында егер қажылық, не, умра ниетімен емес, басқа ниетпен Меккеге баратын кісі ихрамға кірмесе болады. Біздің мәзхабта міндет).

Сондықтан да, «миқат» жерінен ихрамсыз өткен кісі, қажылық не умра рәсімін орындамай тұрып, кері қайтып, «сырттан келушілер» үшін арналған «миқаттың» біріне барып ихрамға ниет етіп, «ләббәйкті» айтып ихрамға кіреді. 

Ал кері оралмай Меккенің өзінде ихрамға кіретін болса, ол жағдайда бір қой құрбан шалуы қажет болады. Мұны «жаза құрбаны» деп атайды. Мұндай құрбандар «Харам» аймағында шалынуы керек.

(*Харам аймағы – Мекке қаласы мен оның айналасы. Миқат - ихрамға кіретін аймақ).