Жаназаны зират басында шығарса бола ма?
Жаназаны зират басында шығарса бола ма?
10 ай бұрын 3561

Жаназаны зират басында шығарса бола ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Имам Ағзамның шәкірттерінің бірі Хасан ибн Зияд (рахимаһуллаһ) ұстазы Әбу Ханифаның (радияллаһу анһ) мынадай сөзін жеткізген:

 قَالَ: أَبُو حَنِيفَةَ: وَلَا يَنْبَغِي أَنْ يُصَلَّى عَلَى مَيِّتٍ بَيْنَ الْقُبُورِ، وَكَانَ عَلِيٌّ وَابْنُ عَبَّاسٍ يَكْرَهَانِ ذَلِكَ، وَإِنْ صَلَّوْا أَجْزَأَهُمْ لِمَا رُوِيَ أَنَّهُمْ صَلَّوْا عَلَى عَائِشَةَ، وَأُمِّ سَلَمَةَ بَيْنَ مَقَابِرِ الْبَقِيعِ، وَالْإِمَامُ أَبُو هُرَيْرَةَ وَفِيهِمْ ابْنُ عُمَرَ﵃.

«Мәйіттің жаназасын қабірлердің арасында шығармау керек. Әзіреті Әли мен Әзіреті Ибн Аббас ол нәрсені мәкруһ санаған. Әйтседе, қабірлердің арасында жаназасын шығарғандай болса, шығарған жаназалары есептеледі. Өйткені, риуаяттарға қарағанда Әзіреті Айша мен Үмму Сәләманың жаназасын «бәқиъ» мазаратындағы қабірлердің арасында шығарған болатын. Жаназаны шығарған сахаба Әбу Һурайра еді. Жаназаға қатысқандардың арасында Абдулла ибн Омар бар тұғын (Алла баршасынан разы болсын)»[1].  

Ендеше, жаназаны зираттың ішінде шығармау керек, өйткені, жаназаға қатысушылардың қатары көп болатындықтан өзге қабірлерді басу сияқты ыңғайсыздықтар туындайтыны мәлім, сондықтан, ең дұрысы - зираттың ішінде емес, мазардан былайрек ашық жерде шығарса болады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъус-Санаиъу» - Әхкәмуш шәһид (шейттің үкімі) бөлімі.

Абдусамат Қасым