Қайтыс болған әкемнің қаза оразаларын қалай өтесем болады?
Қайтыс болған әкемнің қаза оразаларын қалай өтесем болады?
10 ай бұрын 2557

...Әкем алдыңғы жылы бақилық болған, ол кісінің атынан да қарыз күндерін, Рамазан айына дейін ұстайын деген ниетім бар. Кеңес беріп жіберсеңіз қанша уакыт ұстауға болады және әкемнің атынан қаншалықты ұстай аламын? (Сауал ықшамдал алынды).

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті сауал жолдаушы, мархұм әкеңіздің қазаларын ұстай алмайсыз, бірақ әр қаза оразасы үшін пидия садақасын берсеңіз болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде: «Ешкім ешкімнің орнына намаз оқымайды. Ешкім ешкімнің орнына ораза ұстамайды. Алайда, әр күні үшін оның атынан (міскінге) бір мүдд (шамамен 1 кг) бидай жегізсін» - деген болатын[1]. Басқа бір риуаятта «атынан бір міскінді тамақтандырсын» делінеді. Ендеше, қайтыс болған әкеңіздің ұстамаған немесе қаза болып қалған оразаларын шамалап есептеп, қаза оразаның әр күні үшін пітір садақаның көлеміндей садақа беріп тұрсаңыз болады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Нәсәи: Сүнәнуль Кубра.

Абдусамат Қасым