Жайнамаздың ұшын қайырып қою керек пе?
Жайнамаздың ұшын қайырып қою керек пе?
6 жыл бұрын 18359

Ассаламу' алейкум уа рахматуллаһи у баракатуһ!  

«Жайнамаз бос тұрса түріп қою керек» деген кәуесет бар. Осы қаншалықты рас? Жангелді (сұрақ қысқартылып алынды).

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жайнамаздың басын қайырып қою әдеті – бос тұрған кезде сәжде жасайтын жері кірленбесін деген түсініктен пайда болса керек. Одан бөлек, бұл әрекетке арқау болар діни негіздеме кездестірмедік. Ендеше, жайнамаз ұшын қайырып қою шарт емес. Сондай-ақ, «шайтан намаз оқып кетеді» деген сөз де негізсіз.  

Абдусамат Қасым