Әтір немесе одеколон дәретті бұза ма? Намазға кедергісі бар ма?
Әтір немесе одеколон дәретті бұза ма? Намазға кедергісі бар ма?
6 жыл бұрын 13754

Сұрақ: Ассəламуғалейкум! Духи (әтір) немесе одеколон дəретті бұза ма? Толығырақ айтсаңыздар! Алла разы болсын! Күмісбек.

Сұрақ: Дездорант, әтір себілген киіммен намаз оқуға болама? Бекасыл.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әтір немесе одеколон дәретті бұзбайды. Намазға да кедергісі жоқ. Оның құрамындағы «спирт» нәжіс болып саналмайтындықтан, Ханафи мәзхабы бойынша, сыртқы қолданысқа қолдануға рұқсат. Бұл жайында XIX-XX ғасырларда өмір сүрген ғұлама Мұхаммед Зәһид әл-Кәусәри (1879-1951 ж.) былай деген:

«Тоқ етерін айтқанда, «спирт» Әбу Ханифа (р.а.) бойынша «нәжіс» емес. Имам Ағзамның осы сөзі көп жерде тығырықтан шығарады. Спирттің әтірге қосылып, киімге тиюының ешқандай зияны жоқ»[1].


[1] Мұхаммед Зәһид әл-Кәусәридің Мысыр еліндегі туысына жазған хатынан. (Проф. Доктор Hayrettin Karaman)

Абдусамат Қасым