Барған жерімде қанша күн қалатынымды білмеймін. Намазды қысқартып оқимын ба?
Барған жерімде қанша күн қалатынымды білмеймін. Намазды қысқартып оқимын ба?
8 жыл бұрын 4379

Әссәләмуғалейкум! Менің мынадай сұрағым бар еді: Мен негізі Талдықорған қаласында тұрамын. Бірақ, тамыз айының тоғызы күні кешке Алматыға келдім. Енді, осы жерде қанша қалатыным белгісіз болып тұр.   15 күннен асуы да, аспауы да мүмкін. Намазды қысқартып оқимын ба, әлде, толық оқи беремін бе? Егер, «жолаушы бола тұра 4 рәкәттік намаздарды қысқартпай оқысаң күнәһар боласың» дегенді оқыдым. Не істерімді білмей жүрмін. Және ертең жұма еді. Жұма намазға барамын ба? Барлыбек Жалғасбек

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сахаба Әзіреті Омар мен Әзіреті Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деген:

«Жолаушы болып тұрып, бір елді мекенге келген болсаң және көкейіңде сол жерде он бес күн, он бес түн қалуды ұйғарып тұрсаң, намазыңды қысқартпай толық оқы. Ал, егер, қашан кететініңді белмесең, намазды қысқартып оқы»[1].

Осыған орай, Алматы қаласында нақты қанша күн қалатыңызды білмегендіктен, намазыңызды қысқартып оқисыз. Тіпті, ол жерде қалуыңыз бірнеше айға созылып кеткен жағдайда да, қашан оралатыныңыз белгісіз болып тұрғандықтан, жолаушы ретінде қала бересіз.  

Бұған дәлел ретінде, Имам Байхақидің хадистер жинағында орын алған Әзіреті Омардың мына бір сөзін келтіруге болады:

«Біз жорықта жүргенде қар басып қалып, Әзірбайжан жерінде алты ай қалдық. Сонда, намазды екі рәкәғаттан  (қысқартып) оқыған едік»[2].

Ендігі жерде, жолаушы бола тұра 4 рәкәғаттық парыз намаздарды әдейі қысқартпай оқу - мәкрүһ амалын тудырады. Өйткені, оны екі рәкәғатқа қысқартып оқу – уәжіп. Ал, ұмытып төрт рәкәғат оқыған кісі, соңында сәһу сәжде жасайды.  


[1] Имам Зайлағи, «Насбур риуая».
[2] Байхақи, «әсс-сүнәнуль кубра».

Абдусамат Қасым