Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып жатыр. Ғарышқа ұшып, Ай мен Марсқа қону мүмкін болған заман. Егер мұсылман Айға, Марсқа жалпы аспан денесіне ұшып барып тұрақтап, қоныстанып, тіршілік қылды делік. Мұсылман қандайда бір аспан денесінде тұрып, намаз оқығысы келсе құбылаға қай бағытқа қарайды? Мәди Әділбекұлы.
|
Айға немесе Марсқа барған адамның құбыласы қай жақ? Намазды қайда қарап оқиды?
|
Айдағы немесе Марстағы адамның құбыласы – жер. Алла Тағала, Құран Кәрімде: «Қайда болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай бұрыңдар» - деп бұйырған[1]. Меккедегі "Харам" мешіті жерде орналасқандықтан, әлдебір планетаға аяқ басқан мұсылман адам намаз оқитын кезде жүзін жер планетасына қарай бағыттауы тиіс. Алда-жалда жер планетасының қай бағытта екендігі білінбесе, өзі топшылаған жаққа беттеп оқи береді.
Намаз уақыттарын жердегідей нақты бекіту мүмкін болмаған жағдайда, Мекке қаласының намаз уақыттарына сай оқиды.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
[1] Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 144 аят.
Көп оқылғандар
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
■
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
■
Балдақпен жүретін кісіге жұмаға бару парыз ба?
■
«Түсімде үнемі мас болып жүремін»: түсінде шарап ішкенін көрсе, ол ненің белгісі?