Әссәләму ъәләйкәм уә рохмәтулләһи уә бәрокатуһ! Әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл намаз оқыса, қабыл болмайды деп естідім. Қаншалықты дұрыс? Мысалы түнгі намаз. Мөлдір.
|
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намаз уақыты қысқа болғандықтан әйел адам күйеуінен рұқсат сұрамай бос уақытта нәпіл намаз оқи береді. Әрине, егер түнгі намазы күйеуінің қалауымен тұспа-тұс келіп қалса, әйел адам нәпіл намазды қоя тұруы тиіс немесе сондай сәтте нәпіл намаз оқу үшін рұқсат сұрағаны абзал. Әріберіденсоң, тек әйел ғана емес, түнгі намазды оқу үшін күйеуі де әйелінен рұқсат сұрауы керек сәттер болуы мүмкін. Алла елшісі (с.а.у.) сүюкті жары Әзіреті Айшадан (р.а.) түнде: «Уа, Айша! Рұқсат берсең, Раббыма мінәжат жасайын деген едім!...» - деп рұқсат сұраған кездері болған. Себебі, әйелдің де ерінде ақысы бар. Сонда Айша анамыз: «Күмәнсіз сіздің қасымда болғаныңыз мені қуантады, бірақ өтінішіңізді орындағым келеді...» - деп ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) нәпіл намаз оқып құлшылық қылуына рұқсат берді1. Бұдан түсінеріміз, жағдайға қарай ерлі-зайыптылар бір-бірлерінен түнгі намаз оқуға рұқсат сұрағандары абзал, бұл қалыпты жағдай.
Алайда, "нәпіл оразаның" үкімі басқаша. Себебі, оразаның уақыты ұзақ. Сондықтан да, әйел кісі нәпіл ораза ұстау үшін күйеуінен рұқсат сұрағаны дұрыс. Бұған қатысты Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: «Әйел адамның күйеуі барда оның рұқсатынсыз ауыз бекітуіне болмайды»2.
1Ибн Хиббән: «Сахих».
2Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».