Намазда отырып имам болуға бола ма?
|
НАМАЗДЫ ОТЫРЫП ОҚИТЫН АДАМ, НАМАЗДА ИМАМ БОЛА АЛА МА?
|
Тұрып оқи алмайтын сырқат кісі отырып имам бола алады. Отырып рүкуғ жасап, сәждені әдеттегідей орындайды. Ұюшылардың да, имамның да намазы дұрыс. Имам Мұхаммед былай деген: «Отырып намаз оқитын, рукуғ, сәжде жасайтын сырқат ер адамға жамағат ұйып, артында намаз оқыса намаздары саналады, бұл – Әбу Ханифаның сөзі»1.
1Имам Мұхаммед: «әл-Асл». Науқастың парыз намазы.
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?