Ассаламуғалейкум! Қазір менің қолымда Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар туралы кітап бар. Бірақ дәретім жоқ. Оқи беруге бола ма? Баубек.
|
Құраннан басқа діни кітаптарды дәретсіз оқуға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.анһума) бойынша, хадис, фиқһ т.б. шариғи кітаптарды дәретсіз ұстау – мәкруһ. Имам Ағзама Әбу Ханифа (р.анһу) бойынша, ең дұрысы мәкруһ емес[1].
Ендеше, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір баяны жазылған кітапты дәретсіз ұстап оқудың күнәсі жоқ. Абзалы қайсы десеңіз, абзалы – оларды да дәретпен оқу. Бірақ дәретсіз де оқуға рұқсат.
[1] Әл-Фәтәуә әл-Бәззәзия. Китабус салаһ. 11 бөлім.
Өзекті сұрақтар
■
Хатым Құран түсірер алдын 40 күн Құран оқыту керек деген талап бар ма?
■
Жолаушы кісі имамдыққа шықса, тұрғылықты жамағат қалай оқиды?
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
Көп оқылғандар