Сәлеметсіз бе! Қатты күлкі емес, жәй дыбыспен күлсе, дәретті қайтадан ала ма?
Күлсе дәрет бұзыла ма?
|

Сәлеметсіз бе!
Күлкі дәретті бұзбайды. Алайда, намаз оқып тұрып дауыстап қарқ-қарқ күлсе, дәреті де, намазы да бұзылады, ал намаз оқып тұрып жәй күлсе, тек намазы бұзылады, қайта бастауы тиіс, бірақ дәреті бұзылмайды. Мұны ғалымдарымыз кітаптарында: «Өзі және қасындағысы еститіндей күлсе, ол «қарқылдап» күлген есебінде болып, намазы да, дәреті де бұзылады. Ал тек өзі ғана еститіндей күлсе, қасындағылар естімесе, ол жағдайда намазы бұзылады, дәреті бұзылмайды» деп түсіндірген. Жимиса намаз да, дәрет те бұзылмайды1. Бұл айтқандарымыз намаз оқып тұрып күлгенге қатысты, ал намаздан тыс уақыттарда күлудің дәретті мүлдем бұзбайды. Алайда, Алла елшісі (с.а.у.) айтқандай, көп күлкі жүректі өлтіреді, сол себепті мәнсіз, құр бекерге күле беруден сақтанған дұрыс.
1 Сәмнақи: «Хизанәтуль Муфтиин».