Пайғамбарды бейнелеуге немесе діни фильмдерде пайғамбарлардың рөлін сомдауға бола ма?
|

Бисмилләһир рахманир рахим
Қазіргі таңдағы дін ғалымдарының басым көпшілігі Мұхаммед пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) және өзге пайғамбарларды бейнелеуді әрі фильмдерде олардың рөлін сомдауды харам деп есептейді. Өйткені, пайғамбарлар - адамзаттың ең абзалы және ең ұлығы әрі аса құрметті жандар. Алла Тағала оларды өзге адамдардан ерекше қылып жаратқан. Күнәдан пәк қылып жаратқан. Құран Кәрімде Алла Тағала бүкіл пайғамбарларды әлемге ардақты қылғанын былай деп ашық айтады:
«Біз олардың (пайғамбарлардың) барлығын әлемдерге үстем қылдық»1.
Яғни, пайғамбарлардың деңгейін барша әлемнен биік қылдық деп отыр. Ал сондай дәрежедегі қасиетті жандарды бейнелеу немесе олардың рөлін сомдау – олардың қадір-қасиетін төмендетіп, құнын түсіреді.
1Әнғам сүресі, 86 аят.




