Ассалямуалейкум! Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабы тұрса қалай дұрыс па, әлде басқа бөлмеде тұрғаны дурыс па?
|
Ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітап тұрса бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәліметтерге қарағанда бір кісі сахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.): «Құран кітапты әйеліммен қатынас жасайтын төсегіме қойсам бола ма?» деп сұрайды. Сонда сахаба: «Иә» деп жауап береді1. Осы риуаяттан ерлі-зайыптылардың бөлмесінде Құран кітабының тұруының әбестігі жоқ екендігін түсінуге болады. Дейтұрғанмен, бірнеше бөлмесі бар жанұяда Құран кітабын ерлі-зайыптылардың жатын бөлмелеріне түнде жатарда қоймағандары әдеп тұрғысынан абзалырақ деген ойдамыз. Ал бірлі-жарым бөлмелі шағын үйлерде жатын бөлмеде тұруының әбестігі жоқ, өйткені шағын үйлерде басқа бөлмеге қою мүмкіндігі бола бермейді, бастысы белден жоғары жерде тұрғаны жөн. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1 Абдурраззақ: «әл-Мусаннаф».
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?