Ғұсылда құлақтың ішіне де су жіберу керек пе?
Ғұсылда құлақтың ішіне де су жіберу керек пе?
4 жыл бұрын 14282

Ассаляму алейкум! Мендегі сұрақ ғұсылға қатысты. Ғұсыл алған кезде, құлақты жуғанда, құлақтың ішіне дейін жуу керек пе? Яғни, барабанға дейін су жіберу керек пе? Солай жуам деп құлағыма суық тиіп қалды.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, ғұсылда да, дәретте де жуылуы қол жетімді дененің сыртқы жерлері жуылады. Ал жуылуы қол жетімсіз, жуылуы қиынға соғатын ағзалардың іші жуылмайды. Мысалы, көздің іші, сырғаның тар тесігі (құлақта сырға болса, ғұсылда сырғаны қимылдатады), әйелдің ішкі жыныс мүшесі (Фәрж Дәхил. Қынап), құлақтың барабаны т.б. 

Ауыз бен мұрынды жуу қиынға соқпайтындықтан, ол екеуі ғұсылда шайылу керек. Кіндік іші де жуылады.

Ендеше, шомылған кезде әдетте құлақ іші қалай жуылатын болса, ғұсылда да құлақ солай жуылады. Яғни, шомылып жатып саусақпен құлақтың сай-сайын жүріп өту жеткілікті. Ал, құлақтың ішіне су құюдың әрі оны барабанға өткізудің қажеті жоқ. Бұл - бір шетінен шектен шығушылық, екіншіден – құлаққа зиян.  

Абдусамат Қасым