Бәтінкіге мәсіх тартуға бола ма?
Бәтінкіге мәсіх тартуға бола ма?
5 жыл бұрын 7413

Әссәләму әлейкум! Сапарда жүргенде ботинкаға мәсіх тартуға бола ма? Асқарбек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи фиқһ кітаптарында «Жаруқ» атты бір аяқ киімге мәсіх тартуға болатындығы айтылады. Ол жайында былай делінген: «Аяқтың үстінгі жағы жарылған, бірақ түймеленетін түймелері бар Жәруққа да мәсіх тартуға болады. Өйткені, түймеленгеннен кейін жарығы жоқ сияқты болып тұрады» делінеді[1]. Осыған қарағанда, үстінгі жағы баумен байланатын қазіргі таңдағы бәтінкіге де мәсих тартуға болады десек қателеспеспіз.

Бірақ, бәтінкенің қонышы тобықты жауып тұратындай мөлшерде ұзын болуы керек. (Мысалы, туфлиге мәсих тартылмайды, себебі тобықты жауып тұратын қонышы жоқ).

Сондай-ақ, оны дәрет алып киген болуы ләзім.

Және де күні бойы шешпеген болуы тиіс. Өйткені, аяқтағы мәсі шешілген болса, мәсіх бұзылып, дәреті жоқ кісі қайта дәрет алып киеді да, ал дәреті бар адам тек аяғын ғана жуса жеткілікті.

Және де бауы байланып тұрған болуы ләзім.


[1] Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтәр» - 1 том. 437 бет; Ибн Нүжәйм: «әл-Бахрур Раиқ»; «әл-Фәтәуә әт-Татархания».

Абдусамат Қасым