Вакцина салдыратындарға көлік ойнатылып жатыр екен. Бұл құмар ойынына жата ма?
Вакцина салдыратындарға көлік ойнатылып жатыр екен. Бұл құмар ойынына жата ма?
4 жыл бұрын 3749

Ассаләмуғалейкум! Вакцина салдырғандар арасында машина ойнатады екен. Ол құмар ойынына жатады ма? Билет тегін. Вакцина салдыру тегін. Ербол.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, сіз айтып отырған мәселедегі көліктің ойнатылуын құмар ойынына жатқызуымыз үшін екі жағдайдың бірі орын алған болуы керек:

  1. Билетті сату (немесе қатысу үшін алғашқы жарна құю). Билет сатылатын болса, ол да «лоторея» ойнатумен пара-пар. Үкімі харам.
  2. Вакцинаның ақылы болуы. Вакцина салдыру тегін болмай, белгілі ақшаға сатып алып жатса да, кісінің ниетіне қарай, ондағы ойнатылып жатқан ұтысқа қатысуында «құмар» ықтималдылығы бар деуге болады.

Ал, енді, дәл қазіргі таңда вакцина тегін әрі ерікті. Сондай-ақ, ұтысқа қатысу үшін де ешқандай төлем талап етілмейтінге ұқсайды. Егер билет үшін қосымша ақша сұрамаса немесе қатысу үшін алғашқы жарна құю керек деген талап болмаса, көлік ойнатуы – құмар ойыны санатына жатпайды. Ол - сыйлық үкімінде болмақ. 

Ал адамдардың ниеті көлік ұтып алу болса ше, үкімі не болмақ?

Жоғарыда «вакцинаның ақылы болуы» деген шарт айттым. Яғни, егер, вакцина ақшамен болған болса, онда салдырушы ұтысқа қатысу мақсатында салдырған жағдайда, ниетіне қарай белгілі дәрежеде құмар ойнаған болып саналар еді. Алайда, қазіргі таңда вакцина салдыру тегін. Сол себепті салдырушының ниеті қандай болса да, үкім өзгермейді, яғни, құмар ойнаған болып саналмайды. Өйткені одан ешқандай шығын шығып жатқан жоқ.

Тоқ етерін айтқанда: сұрақтағы мәселеде вакцина да, билет те тегін болса, көлік ойнатуы құмар боп есептелмейді.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

 

Абдусамат Қасым