«Лазерлік эпиляция» жасатуға бола ма?
«Лазерлік эпиляция» жасатуға бола ма?
3 жыл бұрын 5832

Сәлеметсіз бе! «Лазерная эпиляция» жасаудың үкімі қандай?

Сәлеметсіз бе!

«Лазерлік эпиляция» - жарық сәулесінің көмегімен денедегі артық түктерді жою тәсілі. Лазерлік эпиляция арқылы денедегі артық түктерді алып тастаудың күнәсі жоқ. Бастысы:

  • Денеге зияны болмауы керек.
  • Әурет жерге жасатпауы керек.
  • Әйел адам әйел дәрігерге жасатуы тиіс.

Әурет жерге жасатпау керек деуімнің себебі – әурет жерге өзге адамның себепсіз қарауына болмайды. Тек, медициналық ем-дом, босану сияқты жағдайларда ғана рұқсат.

Одан бөлек, бет-жүз, аяқ, қолтық, дененің кіндіктен жоғарғы тұстарына лазерлік эпиляция жасатуға болады. Ал, кіндіктен төменгі әурет жерді өзгеге көрсетуге болмайтындықтан, әурет жеріндегі түгін өзі тазалағаны жөн.

Әурет жеріндегі түгін өзі тазалай алмайтын үзір иелері мәжбүрлік себепті лазерлік эпиляцияға жүгінулеріне бола ма?

Сырқаттық т.б. сол сияқты себептердің салдарынан әурет жердегі түктерді медициналық жолмен тазалауға мәжбүр болатындай жағдай туындаса, амал жоқ жүгінуге тура келеді. Ертеректе кейбір мәзхаб ғұламалары: үзір себепті әурет жеріндегі түгін өзі ала алмайтын кісілердің өзгенің көмегіне жүгіне алатындықтарын білдірген. Бұл зәруліктен туған шарасыз жағдайға қатысты. Мәжбүрлік жоқ кезде болмайды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым