Мынандай сурагым бар: адам ұйықтап жатып "развод" деген-демегенін білмейді. Кейін әйелінен "саған развод деп айттым ба?" деп сұрайды. Бірақ, әйелі ондайды естімегенін айтады. Осыған жауап айтыңызшы, толығырақ? Нұржан
|
Ұйықтап жатып «талақ» деген болса, онысы талаққа санала ма?
|
Құрметті Нұржан, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деген:
«Үш адамға үкім жүрмейді (күнә жазылмайды): Ұйқыдағы адамға, оянғанға шейін. Жас балаға, ер жеткенге шейін (балиғатқа толғанға дейін) және есі ауысқан адамға, айыққанға шейін»[1].
Осыған орай, «Фәтәуә әл-Һиндия» атты Ханафи фиқһ кітабында мынадай үкім орын алған:
«Есі кірген болса да жас баланың талағы талақ емес. Сондай-ақ, жынданған адамның, ұйқыдағы адамның, психикалық ауруға шалдыққан адамның, естүссіз талып қалған адамның, қатты сасқаннан не айтып, не қойғанын білмей есі ауып қалған адамның да айтқан талағы – талақ боп саналмайды»[2].
Ендеше, ұйықтап жатып "талақ" немесе "развод" сөзін айтқан болсаңыз, әйеліңіз естісін, мейлі, естімесін оныңыз "талақ" боп саналмайды.
[1] Тирмизи - №1423 хадис.
[2] Фәтәуә әл-Һиндия – 1/387 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»