Көзі бар ойыншық тұрса періште кірмей ме?
Көзі бар ойыншық тұрса періште кірмей ме?
1 жыл бұрын 2954

Көзі бар ойыншықтардан періште қаша ма?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Құрметті сауал жолдаушы, тірі заттың суреті ілініп тұрған үйге рахым періштелері кірмейтіндігі рас. Бірақ егер ондай суреттер қадірсіз жерлерде бейнеленген болса, мысалы, төсеніштерде, паластарда, көрпе-жастықтың тыстарында т.б. ол кезде періштенің кіруіне кедергі емес. Балалар ойыншықтары да соған жатады. Ойыншыққа байланысты Имам Юсуфтың (р.а.) мынадай сөзі бар: «Ойыншықтарды сатуға болады әрі ойыншықтармен балалардың ойнауларына болады».

Бүгінде Ислам ғалымдары балалардың көзі бар ойыншықтарының рахым періштелерінің үйге кіруіне кедергі емес екендігіне тоқтам жасаған. Оның үстіне, Пайғамбарымыздың заманында сахабалардың балалары көзі бар ойыншықтармен ойнайтын, егер ондай ойыншықтар періштенің кіруіне кедергі келтірер болғанда, Алла елшісі тыйяр еді.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым