Салеметсіз бе! Ажырасуға арыз жазып, қайта татуластық. Некені қайта жаңартып өткен дұрыс шығар?
|
Ажырасуға арыз жазған едік, татуластық. Енді қайта неке жаңарту керек пе?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму алә Расулилләһ.
Құрметті сауал жолдаушы, мұсылман соттың шешімімен неке бұзылған болса, ол да талақ үкімінде. Алайда, сіздердің жағдайда, тек арыз жазылып, бірақ іс сотта қаралмай тұрып, қайта райларыңыздан қайтқан болсаңыздар, некелеріңіз бар есебінде, қосымша некені жаңартудың қажеті жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Алла отбасыларыңызға баяндық берсін!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?