Әссәләмуғалейкум! Мынаны білгім келеді: ерлі-зайыптылардың моншаға бірге түсулеріне бола ма?
|
Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?
|
Уағалейкум ассалам! Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].
Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.
Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла елшісі (ﷺ) былай деген:
«Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].
[1] Сахих Мүслим.
[2] Тирмизи - №606 хадис
Өзекті сұрақтар
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?