Әйел адам өз табысынан отбасына жұмсап тұрса, сауабы бар ма?
Әйел адам өз табысынан отбасына жұмсап тұрса, сауабы бар ма?
1 жыл бұрын 2787

Ассалямуалейкум ұстаз! Әйел адам өз табысын отбасына, балаларына жұмсаса, садақа болып есептеліп, сауабы бола ма?

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Құрметті сауал жолдаушы, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде:

«Мұсылман адам сауап үшін өзінің отбасының нәпақасын қамтамасыз етсе (нәпақасына ақша жұмсаса), онысы ол үшін садақа болып есептеледі» - деген1.

Аталмыш хадис негізінен алып қарағанда отағасына қарасты айтылса да, сауап үшін үйдің керек-жарағына, ішім-жеміне ақша жұмсаған әрбір жанұя мүшесін де қамтиды. Сондықтан да, отанасы егер тапқан табысынан үйге немесе балаларына бір нәрсе алып жатса, онысы оған садақа болып жазылады.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1  Имам Бұхари, «Сахих Бұхари».

Абдусамат Қасым