Тұрмыс құрмаған қыз жұмаққа кірмей ме? Сымбат.
|
Тұрмыс құрмаған қыз жұмаққа кірмей ме?
|
Құрметті Сымбат, пейішке кіруіне ол нәрсе кедергі емес. Мариям анамыз да тұрмыста болмаған. Кейбір Ислами әдебиеттерде Мариям анамыздың есімі аталғанда «әл-Бәтүл» тіркесі қосарлана айтылады. Бәтүл - ешкіммен некелеспей, өзін құлшылыққа арнаған әйел ұғымында.
Дейтұрғанмен, мұнымыз «үйленбеу керек» деген сөз емес. Пайғамбарымыз айтпақшы, дініне берік әрі әдепті мұсылман кездесіп, үйленуге көңіл білдіріп жатса, тұрмыс құрғанға не жетсін. Алла елшісі (с.а.у.) өзінің асыл сөзінің бірінде, қыздың қамқоршысына қарасты былай деген:
«Егер сендерге діндарлығы мен әдебі ұнаған біреу айттырып келсе, оған үйлендіріңдер. Олай етпеген жағдайда, жер бетінде бүлік пен азғындық етек алады»[1].
[1] Тирмизи: Никах – 1084 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
■
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
Көп оқылғандар
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ
■
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
■
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?