Қыз тұрмысқа шығуы үшін қандай дұға оқыса болады?
Қыз тұрмысқа шығуы үшін қандай дұға оқыса болады?
5 жыл бұрын 109744

Сәлеметсіздер ме! Тезірек себебін тигізіп, отырып қалған кәрі қыздың тұрмысқа шығуы үшін қандай сүре-дұға оқу керек (45жаста). Анон.

Сәлеметсіз бе! Қыздың тұрмысқа шығуы үшін әлдебір дұға түрі аят-хадистерде келтірілмеген. Дегенмен, мына төмендегі дұғаны оқыса, Алланың қалауымен өзіне жақсы жар кездестіреді деген үміттеміз.

Ол үшін түн жарымда тұрып екі рәкәғат «тәһәжжуд» намазын оқиды да артынан былай деп дұға етеді (дұға оқуға жеңіл болсын деп, бөліп-бөліп берілді):

اللهم إني أسالك بأني أشهد أنك أنت الذي لا إله إلّا أنت..الأحد الصمد الذي لم يلد ولم يولد ولم يكن له كفوا أحد

«Аллаһуммә инни әс’әлүкә би’әнни әшһәду әннәкә әнтәль ләзи лә иләһә иллә әнт. Әл-Әхәду, Ас-Сомаду, әл-Ләзи ләм ялид, уә ләм юләд. Уә ләм якүл ләһу куфуән әхәд. 

Мағынасы: Аллаһым, мен сенен басқа тәңір жоқ екендігіне шынайы түрде күәлік ете отырып, Сенен сұраймын. Жалғыз, еш нәрсеге мұқтаж емес, тумаған да, туылмаған да және еш нәрсе оған тең емес болған (Құдай) сенсің.

اقضي حاجتي .. انسي وحدتي .. فرج كربتي..اجعل لي رفيقاً صالحاً كي نسبحك كثيراً ونذكرك كثيراً فأنت بي بصير.

«Иқдыйи Хәәжәтий. Әәнис уәхдәтий. Фәрриж Кәрбәтий. Ижъаль ли рафиқан солихан. Кәй нусәббихакә кәсиран уә нәзкүрәкә кәсиран. Фә’әнтә би Басыйр.

Мағынасы: Менің қажеттілігімді өте. Жалғыздығыма қуаныш қос. Күйзелістен ада қыл. Саған көп тәспихат-шүкір айтып, бірге сені көп еске алуымыз үшін маған салиқалы жолдас бер. Сен мені көрушісің.

يا مجيب المضطر إذا دعاك..احلل عقدتي ..آمن روعتي ..يا إلهي من لي ألجا إليه إذا لم ألجا الي الركن الشديد الذي إذا دعا أجاب، هب لي من لدنك زوجاً صالحاً..اجعل بيننا المودة والرحمة والسكن..فأنت على كل شي قدير. يا من قلت لشي كن فيكون

Я, Мужибәль Мудтарра изә дәъак! Әхлил ъуқдәтий. Әәмин Рауъатий. Я, Иләһи! Мән ли әлжә’у иләйһи изә ләм әлжә’ иләр рукниш шәдид, әлләзи изә даъа әжәәб. Һәб ли миль ләдункә зәужән салихан. Ижъаль бәйнәнә әл-мәуәддәтә уәр рахматә уәс сәкән. Фә’әнтә аля кулли шәй’ин қадир. Я мән қультә лишәй’ин күн фаякун!

Мағынасы: Ей, қиналғанның тілегін қабыл етуші Алла! Менің түйінімді шеш. Қорқынышымды сейілт. Уә, Құдайым, дұға етушінің сұрауына жауап беретін сүйенішім өзіңсің, саған сүйенбегенде, кімге сүйенейін. Өз жаныңнан маған салиқалы жар берегөр. Және де екеуміздің арамызға махаббат пен мейірбандық және көңілқоштығын жарат. Сен әр нәрсеге күші жетушісің, ей, бір нәрсеге бол десе, бола қалатын Зат!

. ..ربنا آتنا في الدنيا حسنة وفي الآخرة حسنة..وقنا عذاب النار وصلّي اللهم علي سيدنا محمد وعلى آله وصحبه وسلم.

Раббана әтина фид дуния хасәнәтән уә филь ахироти хасәнәтән уәқинә азабән нар. Уә саллаЛлаһуммә аля сәиидинә Мұхаммәдин уә аля әәлиһи уә сахбиһи уә сәллим!

Мағынасы: Раббым бізге дүниемізде жақсылық бер, әрі ақыретімізде де жақсылық бер және тозақ отынан бізді сақта. 

Аталмыш дұғаны әр намаздан кейін оқуға да болады. Сондай-ақ, намаздан бөлек уақыттарда (мысалы хайыз кездерінде) намаз оқитын жерінде құбылаға қарап отырып оқыса, Алланың қалауымен, дұғасы қабыл болады. 

Алла дұғаларыңызды қабыл етсін!

Абдусамат Қасым