Мамыр айында үйленуге бола ма?
Мамыр айында үйленуге бола ма?
7 жыл бұрын 27111

Әссәлләму алейкум!!! Сізге сұрақ. Үлкендер айтады: Осы Мамыр айында үйленуге болмайды деп. Осыған асыл дініміз не дейді? Жалпы қай айларда үйленуге Ислам рұқсат етпейді? Жандос.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мамыр айында үйленбеу керек деп астрологтар айтады. Олардың сенімінше мамыр айында күн Алголь  есімді жұлдыздың жанынан өтеді екен де, сол себептен, аталмыш жұлдыздың жағымсыз әсері тимей кетпейді-мыс. Бұнымен қатар, май айында күн Гиадам және Плеядам дейтін жұлдыздармен де байланысатынға ұқсайды. Аталмыш қос жұлдыз осы айда тұрмысқа шыққан әйел қауымына бақытсыздық әкеледі дейді.  

Алайда бұның Ислам дінінде ешқандай негізі жоқ. Дінімізде үйленуге болмайтын сәтсіз ай жоқ. Барлық ай сәтті, иншаАлла. Сондықтан да, мамыр айында үйленуді жаман ырымға балаудың қажеті жоқ.  

Бақытты не бақытсыз болу әуелі Алла тағаланың қолында. Одан соң, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қарым-қатынастарына байланысты. Ал, өзара қарым-қатынастың қалай болмақ керектігі дінімізде анық көрсетілген. 

Абдусамат Қасым