Түсімде қайтқан әжем түрін бұзып, маған қағаз ақша беріп жатыр, ол нені білдіреді? Анар.
|
Түсімде мархұм әжем маған ақша беріп жатыр екен. Ол нені білдіреді?
|
Аса қамқор ерешке мейірімді Алланың атымен.
Түсінде бақилық кісінің дүние беруі – күтпеген жерден жақсылыққа қол жеткізетіндігінің белгісі делінген. Бұған қатысты атақты табиғин, түс жорушы Ибн Сирин «Түстердің тәпсірі» атты еңбегінде былай дейді:
«Түсінде өлген адамның ұнамды бір дүниелік затты бергенін көрсе, онысы – күтпеген жерден бір жақсылыққа қол жеткізетіндігін білдіреді»1.
Сондықтан да, түсіңізде әжеңіздің сізге ақша беріп жатуы – алдағы өміріңізде күтпеген жерден табысқа кенелетіндігіңізге ишара деген ойдамыз. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
1Ибн Сирин: «Тәфсирул Әхләм» - 1116 бет, әл-Мәит/ الميت .
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?