"Тоғызқұмалақ" ойнауға бола ма?
"Тоғызқұмалақ" ойнауға бола ма?
9 жыл бұрын 9504

"Тоғызқұмалақ" ойынын ойнауға бола ма?

Албаров Мадияр

Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді[1].[2].

Шариғи үкіміне келер болсақ, Пайғамарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде:

«...Мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының (әл-ләһу) барлығы бекершілік (бәтил). Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжыңдасу - басқа», – деген»[3].

Дегенмен, тоғызқұмалақ ойынын босқа уақыт өлтіруші, адамға келтірер пайдасы жоқ деп айта алмаймыз. Ол - ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді.  

Осы орайда, Имам Шафиғидің шахмат ойыны жайында айтқан мына сөзі назарға аларлықтай:

«Шахмат ойыны адамның есте сақтау қабілетін дамытады, ойлау қабілетін арттырады. Соғыс өнері мен тактикасын үйретеді. Ол рұқсат етілген заттар қатарынан саналады. Осы жағынан да садақ ату мен атқа міну тәліміне ұқсап тұр...»[4].

Ендеше, ұлттық спорт түріне жататын «тоғызқұмалақ» ойыны шариғат қағидаттарына теріс емес десек қателеспеспіз. Ол ойынмен ойнаудың күнәсі жоқ. Тек мына нәрселерді ұмытпау ләзім:

  1. Екеуара ақша тігілмеуі тиіс;
  2. Бүкіл уақытын осы ойынға жұмсамауы тиіс;
  3. Намаз ұмытылмауы керек;
  4. Жаман сөздер айтылмауы керек;
  5. Мойнындағы міндеттемелерді орындауға кедергісі болмауы тиіс.

Ең дұрысы - Аллаға мəлім!


[1] http://el.kz/
[2] http://kazsport.kaztrk.kz/Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насиахатталып жатыр. Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атауға болады.
[3] Тирмихи, Фазаилуль Жихад - №1637-хадис.
[4] Бадаиғ, әл-Истихсан – 6/509 бет.

Абдусамат Қасым