Исламда байлық артық па, кедейлік пе?
Исламда байлық артық па, кедейлік пе?
9 жыл бұрын 11069

Байлық артық па, кедейлік пе?

Нұрлыбек Сабырғалиев

Исламда байлық та, кедейлік те ұятты нәрсе емес. Алла тағала: «Ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етемін», - дейді[1]. Бай байлығына шүкір етіп, кедейге көмек қолын созады. Кедей кедейлігіне сабыр етеді, барды қанағат тұтады. Алла елшісі де кедей болған. Сахих бір хадисте: «Қиямет күні пейішке бірінші кедейлер кіреді» -  делінген[2]. Бірақ, кедейдің «бай болуға» талпынуы күнә емес.

Ендігі жерде «бай болу артық па, кедей болу ма?» - деп тұрсаңыз, әрине, бай болуды таңдаған артық. Ардақты Пайғамбар өзінің бір сөзінде: «Берген қол, алған қолдан артық», - деген[3]. Мұсылман кісі адал жолмен табыс тауып, қалтасын қалыңдатса, оның еш айыбы жоқ. Керісінше зекетін беріп, садақасын таратады. Айналасындағы тұрмысы нашар адамдарға қол ұшын береді. Жаратушымыз, құдай ризалығы үшін кедей-кепшікке көмегін беріп, оларға нәпақа таратқан жандарды қиямет күннің жамандығынан сақтап, жүздерін жарық етіп, қуанышқа бөлейтінін айтқан[4].

Деніміз сау, жүрегіміз иманға, қалтамыз ақшаға толы болсын!... Əмин.


[1] Нахл сүресі, 70-аят.
[2] Имам Ахмәд - №6534 хадис.; әл-Байһақи - №9685 хадис.
[3] Муатта Имам Мәлик: «Бәбу мә жә фит таъаффуф ъаниль мәсәлә». Хадистің нақты аудармасы былай: «Жоғарғы қол, төменгі қолдан артық. Жоғарғы қол - беруші. Ал, төменгі қол – сұраушы».
[4] Инсан сүресі, 11-аят.

Абдусамат Қасым