Шошқаның қылынан жасалған щеткаларды пайдалануға бола ма?
Шошқаның қылынан жасалған щеткаларды пайдалануға бола ма?
3 күн бұрын 730

Қазіргі бояуға арналған щеткалармен боялған жерлердің бәрі нәжіс бола ма? Кана.

Бисмилләһир рахманир рахим

Ислам ғалымдарының басым көпшілігі (Ханафи, Шәфиғи, Ханбали) доңыздың қылын, жүнін, сүйегін т.б. ағзаларын пайдалануды харам деп есептеген, өйткені доңыздың тұла бойы нәжіс боп есептеледі. Сол себепті, қылының өзін қолдану харам. Тек теріден әртүрлі бұйым тігушілерге (Хараз) мәжбүрлік себепті, доңыздың қылын қолдануды рұқсат деп таныған. Мәжбүрлік болмаса, оларға да қолдану харам1. Көпшілік ғалымдардан бөлек Мәлики ғалымдары қырқылып алынған доңыз жүнін қолдануды мубах санайды, ал жұлынған қылын, жүнін харам санаған.

Осыған қарағанда, көпшілік ғалымдар бойынша доңыздың қылынан жасалған щетканы қолдану харам. Ал Мәлики мәзхабы бойынша, қырқылып алынған болу шартымен доңыз жүнінен, қылынан жасалған щеткаларды пайдалануға болады2

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус санаиъу».
2وصوف ووبر وزغب ريش وشعر ولو من خنزير إن جزت ( ش («Мұхтәсәруль Хәлил»).

Абдусамат Қасым