Ассаламу алейкум! Қайтыс болған ата анамызға біздің амалдарымыз жеткізіліп тұрады деген сөз рас па? Мумина.
Баланың жасаған амалдарының сауабы мархұм болған ата-анасына барып тұра ма?
|

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ата-ана баласына дінді үйретіп, оның амал жасаушылардан болуына себепкер болса, баласының жасаған амалдарының сауабы оларға барып тұрады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:
من دل على خير، فله مثل أجر فاعله. رواه مسلم
«Кім бір жақсылыққа жөн сілтесе, оған сол жақсылықты істеушінің сауабындай сауап беріледі»1 деген.
Тағы бір хадисте:
"من دعا إلى هدى فإن له من الأجر مثل أجور من تبعه"
«Кім һидаят жолына шақырса, оған сол жолға ергендердің сауабындай сауап беріледі»2 делінеді.
Ал, баласының хидаятқа түсуіне себеп болмаған ата-анаға оның жасаған амалдарының сауабы бармайды дейді дін мамандары. Десе де, бұл жағдайда бала жасаған амалдарының сауабын ата-анасына бағыштап отырса, ол басқа. Мұсылман өзінің істеген амалдарының сауабын ата-анасына бағыштай алады. Бағыштаған сауабы өзінен кеміместен бағышталған кісіге (не мархұмға) жазылады.
Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!
1«Сахих Мүслім».
2«Сахих Мүслім».




